
Осы айтулы жарыста Алматы қаласының атынан сынға түскен «Алматы» спорт клубының спортшылары 16 команданың ішінен, қашаннан қалыптасқан традициясын сақтай отырып жалпы командалық І орынды айқын басымдылықпен жеңіп алды.
Осы жарыста сынға түскен спортшыларымыз: Д. Лактионов 2 алтын, 1 күміс; Р.Абаканов 1 алтын, 1 күміс; А.Набоков 1 алтын; Р.Бадулин 1 күміс, 1 қола; Е.Рожкова 1 күміс; Н.Набокова 2 қола және аралас эстафетада командалық 1 орынды иемденіп командасына қомақты үлес қосты. Ал жасөспірімдер арасында сынға түскен М.Алагузов 1 алтын, 1 күміс 1 қолаға ие болса, А.Чурилина 1 қолаға қол жеткізді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің арнайы дипломы және медальдарымен марапатталды.
Спортшыларымызды осы тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!