20170317 124105Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан халқына арналған жолдауына байланысты, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты, «Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған жолдауын «Алматы» спорт клубы ұжымы Мақатаев көшесі № 13 орналасқан өз кеңсесінде тыңдады және өзара пікір бөлісті.
Ел басының халыққа жолдауын тыңдауға барлығы 37 адам қатысты, соның ішінде әкімшілік тарапынан 11 адамнан 9 адам, 2 адам кезекті еңбек демалысында. Штатта тұрған 41 жаттықтырушыдан 28 жаттықтырушы.
Жолдауда айтылған стратегиялық бағыттарға байланысты тапсырмаларды айқындау мақсатында «Алматы» спорт клубы директорының орынбасары А.В. Полухин, өз баяндамасында жолдаудың нақты бөлімдеріне талдау жасады және барлық сұрақтарға тұжырымды жауап берді.
Сөз кезегінде аға әдіскер Ш.Абуталипов өз ойын ашық айтып елбасының халыққа жолдауын толық құптайтынын және елімізде болып жатқан осындай актуалды мәселелерді шешу барысында әркім өзіне тиесілі жұмыспен айналысуы керек және өз үлесін қосуы керек деді.
Жарыс сөз кезінде – жүзу бөлімінің аға жаттықтырушысы А.М. Иноземцеву, үстел теннисі бөлімінің жаттықтырушысы А.Кухаренко және әдіскер С.А. Хохлов өз ойларын ашық айтып ел басының бұл жолдауы, елінің болашағын ойлаған кемеңгер азаматтың ісі деп оң бағасын берді және алдағы уақытта да еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете береміз деп ұжым басшыларына сенім білдірді.
Президент жолдауын талқылау барысында бұл жолғы жолдаудың қаншалықты актуалды және нақты стратегиялық бағытта екеніне көз жеткіздік.

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?