http://modniyportal.ruhttp://griskomed.ru http://womens-h.ru/
5 atrau 8Тірек қимыл аппараты зақымданған жəне көру мүшесі нашар спортшылар арасында ҚР 5-ші Спартакиадасы өз жалғасын табуда.       Бүгін, яғни 20 қыркүйекте спортшылар спорттың шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жəне үстел теннисі түрлерінен жарыс жолына шықты. 
7 турдан тұратын шахмат, дойбы жəне тоғызқұмалақтан жарысқа түскен Алматы қаласының спортшылары өз кездесулерін жеңіспен бастады.
Ал үстел теннисінен өз класс тобы бойынша жекелей кездесуде сынға түскен Бадуова Эльдана барлық қарсыластарын жеңіп алтын медаль иемденсе,  Əлімбекова Бақыткүл жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
7 класс тобы бойынша өнер көрсеткен қос қызымыз Исаева Камила мен Амраева Зорэм жартылай финалға жолдама алды.
Сондай ақ, осы спорт түрінен ерлер арасында өнер көрсеткен Ауданбеков Ахат пен Оразбек Азамат өз топтарынан 1 орын алып, жартылай финалға шықты.
Үстел теннисінен жеке кездесу бойынша жарыстар ертең өз мəресіне жетеді. Жоғарыда аталған спортшыларыларымызға ертеңгі күн жүлделі болсын деп тілейміз.



Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?