2020 жылдың наурыз айының 02-03 жұлдызы аралығында   Нұр-Сұлтан  қаласында Есту қабілеті төмен мүгедек - спортшылар арасында  дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты  болып өтті. (ерлер және әйелдер).  
Осы айтулы жарыста Алматы қаласының атынан сынға түскен  «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының» спортшылары 16 команданың ішінен жалпы командалық І орынды  жеңіп алды. 
Жекелей  салмақта: Адамбаев Асхат- 60 кг., Қанапиянов Шаяхмет- 66 кг., Оспанов Абдрахман-90 кг., Таранчиев Ернур-100 кг., Сабекова Анар-63 кг., Мақсутова Асель- 70 кг. салмақта жеңімпаз болып алтыннан алқа тақса, 81 кг. салмақта сынға түскен Жәнібекұлы Ермек 2 орын, Абдіғаппар Арман 3 орын алып,  жүлдегерлер қатарынан көрінді. 
Жарыс  жеңімпаздары мен жүлдегерлері  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  арнайы  дипломы және  медальдарымен    марапатталды. Сонымен қоса алдағы уақытта болатын Әлем чемпионатына жолдама алды. 
Спортшыларымызды және олардың бапкері Апаков Саматты  осы  тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!
b_150_100_16777215_00_images_stories_2020_dzudo_1.png

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?