2019 жылдың 23-24 қараша күндері Алматы қаласының ҚазҰПУ-дың спорт залында голболдан Республикалық турнир өтті. Турнирге 7 аймақтан команда қатысып, бақтарын сынады. Тартысқа толы кездесулерде Алматы қаласының «Алматы спорт клубының» спортшылары жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Клубтың жастар командасы да жүлделі 3 орыннан көрінді.