actobe wrest  01Бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және Республикалық жарыстарды өткізу Регламентіне сәйкес 2016 жылдың ақпан айының 26-28 жұлдызы аралығында Ақтөбе қаласында есту мүшесі зақымдалған мүгедек спортшылар үшін грек-рим, еркін күресінен ересектер және жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Осы айтулы жарысқа «Алматы» спорт клубының 16 спортшысы Алматы қаласы атынан жарыс жолына шығып қомақты жеңіске қол жеткізді. Атап айтқанда грек-рим күресі бойынша 7 спортшымыз өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз болса, 2 спортшымыз жүлделі 3 орынды иемденді.
Жастар арасында жарыс жолына шыққан 1 спортшымыз жеңімпаз болса 2 спортшымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ал, еркін күрес бойынша ересектер арасында жарысқа қатысқан сол спортшыларымыздың ішінде 3 спортшымыз жеңімпаз болса, 6 спортшымыз жүлдегер болды.
Жастар арасында өнер көрсеткен сол спортшыларымыздың ішінде 1 спортшымыз жеңімпаз болса, 1 спортшымыз күміс жүлдегер иесі атанды.
Жалпы командалық есеп бойынша Алматы қаласының спортшылары күрестің грек-рим түрі бойынша командалық 1 орынды иемденсе, еркін күрес түрінен командалық 2 орын алды.
Жекелей салмақ дәрежесі бойынша!
Грек-рим күресі – ересектер арасында
1. Орманов Абылайхан 59 кг. І-орын
2. Күзербаев Елдос 59 кг. ІІ-орын
3. Игенбаев Ғабит 66 кг. І-орын
4. Елюбаев Даулет 71 кг. І-орын
5. Нұрмұхамбет Айбар 75 кг. І-орын
6. Оспанов Абдрахман 80 кг. І-орын
7. Тажиев Асылжан 98 кг. І орын
8. Оспанов Қажымұқан 98 кг. ІІІ-орын
9. Шонку Хайратхан 130 кг. І орын
Жастар арасында
1. Қалман Нұрлыбай 60 кг. ІІ-орын
2. Шынтас Жансұлтан 66 кг. ІІІ-орын
3. Баймұратұлы Рүстем 74 кг. І-орын
Еркін күрес-ересектер арасында
1. Күзербаев Елдос 57 кг. ІІ-орын
2. Орманов Абылайхан 61 кг. ІІІ-орын
3. Игенбаев Ғабит 65 кг. ІІІ-орын
4. Жұматаев Олжас 70 кг. ІІІ-орын
5. Елюбаев Даулет 74 кг. ІІІ-орын
6. Оспанов Абдрахман 86 кг. І-орын
7. Оспанов Қажымұхан 97 кг. ІІІ-орын
8. Тажиев Асылжан 97 кг. ІІІ-орын
9. Шонку Хайратхан 125 кг. І-орын
Жастар арасында
1. Шынтас Жансұлтан 60 кг. ІІ-орын
2. Баймұратұлы Рүстем 74 кг. І-орын
 
actobe wrest  02actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03 actobe wrest  03

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?