wrst IMG 02212017 жылдың 6 қаңтарында Алматы қаласы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы төрағасының орынбасары Медет Бариев мырза, 2016 жылдың қортындысы бойынша Алматы қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күресі саласындағы спортшыларын және олардың жеке бапкерлерін жеткен жетістіктеріне байланысты ақшалай сый ақымен марапаттады.  
Сонымен қатар Медет Бариев мырза Алматы қаласындағы «Дене мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубындағы» есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында Әлемдік байрақты жарыста жақсы өнер көрсеткен
-Шонку Хайратхаанды, 2016 жылы мамыр айында Тегеран қаласында (Иран) өткен Әлем чемпионатында еркін күрестен І орын, грек-рим күресінен ІІ орын;
-Тажиев Асылжанды. 2016 жылы мамыр айында Тегеран қаласында (Иран) өткен Әлем чемпионатында еркін күрестен ІІІ орын, грек-рим күресінен ІІІ орын;
-Игенбай Ғабитті, 2016 жылы мамыр айында Тегеран қаласында (Иран) өткен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен ІІ орын;, және олардың жеке бапкерлері Нәдірбеков Мәлікті, Молдағалиев Мұрадымді, Мұқажан Ерланды салтанатты түрде ақшалай сый ақымен марапаттады.
Спортшыларды марапаттау салтанатты жиынын «Алматы» спорт клубының директоры ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Найзабек Бекетұлы Сағымбаев ашып, келген қонақтырды кеңінен таныстырып өтті. Марапаттау рәсіміне қонақ ретінде грек-рим күресінен Бейжін олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, № 12 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің» директоры ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Науханнұр Бақбергенұлы және Алматы қаласы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры Айбек Әшімбаев мырзалар қатысты.
wrest IMG 0144wrest IMG 0150wrest IMG 0161wrest IMG 0180wrest IMG 0218wrest IMG 0235

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?