ten 3Үстел теннисінен «Алматы» спорт клубының спортшысы Камалова Мадина тұңғыш рет Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және Республикалық жарыстарды өткізу Регламентіне сәйкес 2016 жылдың мамыр айының 13-15 жұлдызы аралығында Семей қаласында есту мүшесі зақымдалған мүгедек спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті.
Осы айтулы жарысқа «Алматы» спорт клубының 6 спортшысы Алматы қаласы атынан жарыс жолына шығып қомақты жеңіске қол жеткізді. Атап айтқанда жекелей біріншілікте Камалова Мадина барлық қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тақса, Туленгутов Бекжан жүлделі үшінші орынды иемденді. Сонымен қоса Камалова Мадина әйелдер арасында жұптасып ойнауда І орын алса, ал аралас жұпта Туленгутов Бекжанмен қосылып ІІ орынды иемденді.
«Алматы» спортклубынан жасақталған Алматы қаласының спортшылары әйелдер арасында командалық ІІ орынды иемденсе, ерлер арасында командалық ІІІ орынды иемденді.
Осы өткен Қазақстан чемпионатында жоғары көрсеткішке қол жеткізген Камалова Мадина Қазақстан ұлттық команда сапында Стамбул қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

ten 1ten 2

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?