wrest teg 1Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының грек-рим, еркін күрес бөлімі. Бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және Халықаралық жарыстарды өткізу Регламентіне сәйкес 2016 жылдың мамыр айының 04-10 жұлдызы аралығында Тегеран қаласында (Иран) есту мүшесі зақымдалған мүгедек спортшылар арасында грек-рим, еркін күресінен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті.
Осы айтулы жарысқа «Алматы» спорт клубының 7 спортшысы Қазақстан Республикасы атынан жарыс жолына шығып қомақты жеңіске қол жеткізді. Атап айтқанда грек-рим күресі бойынша спортшыларымыз 1 күміс, 2 қола медалға қол жеткізсе, еркін күрестен 1 алтын, 1 қола медаль, барлығы 5 медальды иемденді. Жарыс жолына шыққан 2 спортшымыз ширек финалда өнер көрсетіп 5 орынға табан тіреді.
Спорттың еркін күрес түрі бойынша Шонку Хайратхаан, Қазақстанда тұңғыш рет Әлем чемпионы болып тарихқа енді.

Жекелей салмақ дәрежесі бойынша !

Грек-рим күресі – ересектер арасында
1. Шонку Хайратхаан 130 кг. ІІ-орын.
2. Тажиев Асылжан 98 кг. ІІІ-орын
3. Игенбаев Ғабит 66 кг. ІІІ-орын

Еркін күрес-ересектер арасында
1. Шонку Хайратхаан 125 кг. І-орын
2. Тажиев Асылжан 97 кг. ІІІ-орын

wrestwrest teg 2wrest teg 3wrest teg 4wrest teg 5wrest teg 6wrest teg 7wrest teg 8wrest teg 9wrest teg 10

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?