http://modniyportal.ruhttp://griskomed.ru http://womens-h.ru/
IMG 0081Шынында да Атырау қаласында өтіп жатқаны мүгедек спортшылар арасындағы ҚР 5-ші Спартакиадасында Алматы қаласы командасының спортшылары жарыстың екінші күнінде мүмкіндік болған жарыстың алты түрінен де алты бірдей бірінші орынды иемденіп айды аспанға шығарды деседе болады. Атап айтқанда жеңіл атлетика түрінен ядро лақтыру бойынша әйелдер арасында 40 класс тобы бойынша 4.58 көрсеткішпен Балғожаева Мадина бірінші орынды иемденсе, 44 класс тобы бойынша Борантаева Марал қызымыз 6.60 көрсеткішімен бірінші орынлы иемденді.
Ал ерлер арасында ядро лақтырудан 35 класс тобы бойынша Нужных Вячеслав 5.63 көрсеткішімен бірінші орын, Мұстафа Дархан 36 класс тобы бойынша 9.90 көрсеткішімен бірінші орын, Мансурбаев Равил болса 46 класс тобы бойынша 13.35 көрсеткішімен бірінші орын алды және жарыстың рекордын жаңғыртты. Көру мүшесі төмен спортшылар арасында ядро лақтырудан Алматы қаласы атынан шыққан Валетдинов Ильдарға шақ келер спортшы табылмады.
Пауэрлифтинг бойынша жарыс жолына шыққан төрт спортшымыздың ішінде 65 кг. салмақта өнер көрсеткен Жарылғапов Ақжол қарсыластарын көш ілгері тастап алқыннан алқа тақса, үш спортшымыз мықтылар санына қосылатын төрттіктен көрінді. Сонымен жарыстың екінші күнінде Алматы қаласының командасы барлығы 12 медал, оның ішінді 10 алтын, 2 күміс медальмен көш басына шықты.

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?