http://modniyportal.ruhttp://griskomed.ru http://womens-h.ru/

1 atrau 0615.09.2017 ж. Дене мүмкіндіктері шектелген адамдар арасындағы (тірек қыймыл аппараты зақымдалған, көру мүшесі зақымдалған) Қазақстан Республикасының 5 Пара Спартакиадасы Атырау қаласында өз жалауын көтерді. Жарыстың ашылу салтанаты ҚР мәдениет және спорт министірлігі, Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының орынбасасары Жарасбаевтың, ҚР Паралимпиадалық комитетінің орындаушы диркторы Е.Сүлейеновтың және Атырау қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы төрағасының қатысуымен Атырау қаласындағы мұз айдыны кешенінде өтті.


Жарыстың алғашқы күні жеңіл атлетика спортшылары жарыс жолына шығып, мүгедектігіне байланысты өз кластары бойынша 1500 м. және 100 м. Қашықтықта өнер көрсетті. Көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында 11 класс тобында 100 м. қашықтыққа жүгірген Нұрлыбаев Мағжан 12.4 уақыт көрсеткішімен 1-орынды иемденді. 12 класс тобында 100 м. қашықтыққа жүгірген Гепертаев Бислан 12.8 уақыт көрсеткішімен жүлделі 2-ші орын, 13 класс тобында 100 м. қашықтыққа жүгірген Маркаметов Куаныш 12.7 уақыт көрсеткішімен 1-ші орынды иемденіп алтыннан алқа тақты. Ал тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында 37 класс тобында 100 м. кашыктыкка жугурген Калкаев Аманат 12.7 көрсеткішімен 1-ші орынды иемденсе, 35 класс тобында 100 м. қашықтыққа жүгірген Нужных Вячеслав жүлделі 2-ші орынды иемденді. Бірінші күннің қортындысы бойынша Алматы қаласының командасы 3 алтын, 2 күміс медалмен командалық 1-орынға шықты. Алматы командасының спортшыларына осы алған бағыттарыңнан таймаңдар деп тілек білдіреміз.

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?