Жолдауды талқылау
Спортивный клуб "Алматы" для людей с ограниченными физическими недостатками
17.08.2018
Вы находитесь: Главная
Жолдауды талқылау Печать
 
rukhaniПрезидент жолдауына жалпы көзқарас
Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауы-Елбасыға берілген басты өкілеттерінің бірі. Жолдауда елдегі жағдайға баға беріліп, өткен жылдың қортындылары жарияланады және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттары айқындалады. Үкіметке, Парламентке, басқа да мемлекеттік органдарға тапсырма беріледі.
Президенттің халыққа арнаған Жолдауы жайында еліміздің барлық аймағында, қалалар мен аудандарда, мекемелер мен оқу орындарында талқылау жүріп жатыр. Елбасы Жолдауын талқылау, Жолдауда айтылған стратегиялық бағыттарға байланысты тапсырмаларды айқындау мақсатында Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының» директоры Найзабек Сағымбаев, өз баяндамасында жолдаудың нақты бөлімдеріне талдау жасай отырып ойын былай сабақтады.
Жыл сайынға Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жаряланды. Бұл жылы Елбасымыздың ”Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты тарихи құжатының куәсі болдық. Өйткені, Президенттің әрбір Жолдауы-терең тарихи маңызы бар құжат, әрі келешекке бағдар. Жолдау-Үшінші жаңғыру және Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Еліміздің дамуына бағытталған.Елбасымыз өзгермелі әлемнің бір бөлігі ретінде, Қазақстанның жаңа технологиялық дамудың жетістіктерін пайдалана отырып, 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру мүмкіндігін тездетуінің қажеттілігін саралап отыр. Бұл мәселелерді жүзеге асырудың нақты 10 негізгі бағытын айқындаған.. Әсіресе, оның жетінші міндетінде рухани жаңғыруымыздың негізі-адами капиталға көп көңіл бөлінген.
Бұл ретте «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» дегендей, мектепке дейінгі білім беруден бастап, орта мектеп пен жоғары оқу орындарына дейін қамтылған жаңа бағдарламалар мен стандарттар 2021 жылға дейін жасалынуы тиістілігі айтылған.
Мұның ішінде еліміздегі университеттердегі педагогика кафедралары мен факультеттерін дамыту көзделіп, ондағы білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы күшейтіліп, тегін кәсіптік техникалық білім беру мен жоғары оқу орындарына қажетті бағдарлама жасауға құқық беріліп, оларға академиялық еркіндік заңнамалық тұғырдан бекітілу тиістілігі тапсырылған.
Бұл жолдаудағы тағы бір айшықты мәселе-әлемдік озық технологиялық электронды саланы қолданысқа енгізбей белгілі бір биікке жету мүмкін еместігін айқындап берді. Технологиялық жаңғырудың шешуші басымдылықтарының бірі-адами капитал сапасын жақсарту екендігіне Президент тағыда назар аударып отыр. Яғни индустирялық революция жасау, оған ілесу, оның адамзатқа жеткізіп отырған иеліктерін игеру, оларды еліміздің өндірісіне батыл енгізу, бүгінгі күннің басты ұстанымы болуы тиіс.
Жолдауда Президент индустрияландыру, ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу, кәсіпорындарды жаңғырту және «Ақылды технологияларды» дамыту қажеттілігіне басымдық берді.
Цифрландыру-заман талабы. ХХІ ғасырда онсыз өмір сүру мүмкін емес. Міне, осы мәселелердің бәрі Президент Жолдауында жан-жақты қамтылған.
Елбасының алға қойған 10 негізгі бағытының қай-қайсы болмасын өте актуалды тақырыпты қозғап тәуелсіз мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарынан көрінуге жасаған батыл қадамы. Міне, Жаһандану-әлемдік интеграцияға бейімделіп, өз мемлекеттігіміздің тұғырын биік ұстанып, иновациялық технологиялар алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болуымызға үлкен нұсқау беріліп отыр.
Бұл міндеттердің орындалуы Қазақстан мемлекеті саясатының іргелі қағидаты болған ұлтаралық келісімді және саяси тұрақтылықты сақтау құндылықтарымен тығыз байланысты. Қазақстан халқы, соның ішінде мына отырған сіздер мен біздер бұл міндеттердің табысты жүзеге асырылып және оның нәтижесі жоғары болатынына нық сенімдіміз. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан игі шараларға қолдау көрсету-ол біздің азаматтық парызымыз.
Менің түсінігімше Елбасының жолдауына қолдау көрсетудің бірден-бір негізі, ол әрбір адам өз саласының білікті маманы болу керек және сол салада өз биігінен көріне білуі. Бұған дәлел, Елбасы осының алдындағы өзінің „Қазақстан-2050” стратегиялық даму жоспарын іске асыру Жолдауында, спорт саласына да айрықша көңіл бөлгенін білеміз. Өйткені еліміздің мәртебесін көтеріп оны өзге мемлекеттерге таныту барысында спортшыларымыздың алатын орны ерекше. Оған дәлел еліміздің байрағы көкке көтеріліп, ән ұранымыздың ойналатыны тек екі жағдайда ғана болады. Біріншіден бір елдің басшысы басқа бір мемлекетке арнайы іссапармен барғанда, екіншіден спортшыларымыз әлемдік байрақты жарыстарда жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгенде ғана.
Осы жағын ескере отырып Жолдауда қарастырылған барлық басымдықтарды тұтастай қолдап, олардың жүзеге асуына атсалысуымыз қажет. Осы тұрғыда біздердің алдымызда тұрған басты міндет-маңызды құжатты әрбір ұжым мүшесіне жеткізіп, түсіндіру деп сөзін аяқтады.

Жеке көзқарастар
Жарыс сөз кезінде директордың оқу және спорт жұмысы жөніндегі орынбасары А.В. Полухин өз ойларын ашық айтып: Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы-бұл ел басы тұжырымдаған мемлекет дамуының қазіргі кезеңге әрі келешекке арналған стратегиясының нақты көрсетілгенін атап өтті.
Жолдаудың негізгі идеясының дағдарысты еңсерумен қатар осындай қиын кезеңде Қазақстан халқын топтасуға, қиындықты бірлесіп жеңуге, ел бірлігін сақтауға арналуы да Қазақстандықтар тарапынан зор қолдауға ие болуда. Қазақ елі тұрақтылықты бағалай білгендіктің арқасында ғана бүгінгідей табыстарға жетіп отырмыз. „Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” жаңа экономикалық саясатының да табысты болатынына сенімдіміз. Оны біздер, жалпы Қазақстан халқы бірлесіп, топтасып әркім өз саласында іске асырамыз-деп сөзін аяқтады.
Аға әдіскер Ш.Абуталипов, клуб басшысы Н.Сағымбаевтың пікірін қолдай отырып өз ойын былай сабақтады. Шынында да Әлемдік байрақты жарыстарда ел намысын қорғаған Қазақстан спортшылары қомақты табыстарға жетіп жүр. Басқасын айтпағанның өзінде Түркия мемлекетінің Самсун қаласында жақында ғана жалауын түсірген төрт жылда бір рет өтіп тұратын Сурдлимпиалық ойындарында Қазақстан спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Сол делегацияның құрамында болған біздің клубтың екі спортшысы Шонку Хайратхаан грек- рим күресінен, Тажиев Асылжан еркін күрестен қола медалға ие болса, тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Мексикада өткен Әлем чемпионатында пауэрлифтингтен Жарылғапов Ақжол жүлделі 2 орынға ие болып, еліміздің көк туын көгімізде желбіретті. Міне, спортшы жастарымыздың осындай жеңістері және басқа да жетістіктері Қазақстанның мерейін асыратыны сөзсіз.
Жарыс сөз кезінде – еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы М. Молдағалиев, садақ ату бөлімінің жаттықтырушысы А.Айқынбаев, үстел теннисі бөлімінің жаттықтырушысы А. Кухаренко өз ойларын ашық айтып ел басының бұл жолдауы, елінің болашағын ойлаған кемеңгер азаматтың ісі деп оң бағасын берді және алдағы уақытта да еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете береміз деп ұжым басшыларына сенім білдірді.
Президент жолдауын талқылау барысында бұл жолғы жолдаудың қаншалықты актуалды және нақты стратегиялық бағытта екеніне көз жеткіздік.
Сурдо аударманы жасағандар: Күзербаев Е., қазақ тілінде, Эрнест М., орыс тілінде.
 

Your are currently browsing this site with Internet Explorer 6 (IE6).

Your current web browser must be updated to version 7 of Internet Explorer (IE7) to take advantage of all of template's capabilities.

Why should I upgrade to Internet Explorer 7? Microsoft has redesigned Internet Explorer from the ground up, with better security, new capabilities, and a whole new interface. Many changes resulted from the feedback of millions of users who tested prerelease versions of the new browser. The most compelling reason to upgrade is the improved security. The Internet of today is not the Internet of five years ago. There are dangers that simply didn't exist back in 2001, when Internet Explorer 6 was released to the world. Internet Explorer 7 makes surfing the web fundamentally safer by offering greater protection against viruses, spyware, and other online risks.

Get free downloads for Internet Explorer 7, including recommended updates as they become available. To download Internet Explorer 7 in the language of your choice, please visit the Internet Explorer 7 worldwide page.