http://modniyportal.ruhttp://griskomed.ru http://womens-h.ru/
rest 32019 жылдың ақпан айының 17-22 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласында Есту қабілеті төмен мүгедек - спортшылар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан чемпионаты болып өтті. (ересектер, жастар, жасөспірімдер).Осы айтулы жарыста Алматы қаласының атынан сынға түскен «Алматы» спорт клубының спортшылары 16 команданың ішінен жалпы командалық ІІ орынды иемденді. Әр салмақ дәрежесінде жекелей сынға түскен алты спортшымыз: Дихан Дархан, Садибеков Медет, Игенбай Габит, Таранчиев Ернур, Шонку Хайратхаан, Данен Қазыбек, күрестің грек-рим түрінен жеңімпаз атанып алтыннан алқа тақса, тағыда алты спортшымыз: Тажиев Асылжан, Оспанов Абдрахман, Орманов Абылайхан, Нұрмұхамбет Айбар, Касиров Мұхамед, Қали Асылан жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ал еркін күрес бойынша сынға түскен спортшыларымыздың екеуі: Тажиев Асылжан, Шонку Хайратхаан өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз болса, төрт спортшымыз: Таранчиев Ернур, Оспанов Абдрахман, Игенбай Габит және Қали Асылан жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің арнайы дипломы және медальдарымен марапатталды.
Спортшыларымызды осы жеңістерімен құттықтаймыз!
rest 1 rest 2 rest 1 rest 1 rest 1 rest 1 rest 1 rest 1 rest 1 rest 1

Комментарии (0)

Здесь ещё нет оставленных комментариев.

Оставьте свой комментарий

  1. Добавление комментария от гостя.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location
Введите текст с картинки. Не разобрать?